
Жапонияның Ұлы мәртебелі императорының туған күніне орай өткізілген қабылдау
SMART.ENU
13.02.2026 63

Жапонияда Императордың туған күні – мемлекеттік маңызы бар ұлттық мереке. Бұл күн жапон халқы үшін ерекше тарихи және мәдени мәнге ие. Қазіргі таңда Император Нарухитоның туған күніне орай 23 ақпан күні аталып өтіледі. Аталған мейрам Жапония мемлекетінің бірлігі мен тұрақтылығының символы ретінде тойланады.
2026 жылдың 13 ақпанда Астана қаласында Жапония Императорының туған күніне арналған ресми қабылдау кеші өтті. Жапония Елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген шара жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған салтанатты жиынға Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ресми өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері және шақырылған құрметті қонақтар қатысты. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.У.Биримкулова, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Б.Ж. Абжаппарова, Г.К.Утеулиева, А.А.Тлеубаева, Н.Б.Судыева, А.Рахман және “Мононоке” жапон клубының президенті 3 курс студенті Р.Ерғалиқызы қатысты.
Іс-шара Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің ресми құттықтау сөз сөйлеуімен басталды. Елші өз сөзінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Салтанатты бөлімнің келесі кезеңінде жапон дәстүріне сай «кагами-бираки» рәсімі өткізілді. Бұл – саке бөшкесінің қақпағын ағаш балғамен ашу дәстүрі және ол жаңа бастамалардың сәтті болуын, бірлік пен татулықты білдіреді.
Рәсімнен кейін қонақтарға арналған фуршет ұйымдастырылды. Қабылдау барысында жиналған қонақтар бейресми жағдайда пікір алмасып, өзара таныстық орнатты.
Аталған іс-шара Қазақстан мен Жапония арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған маңызды дипломатиялық және мәдени кездесу болды.
Бөлісу:
