
Гидрология білім беру бағдарламасының студенттері «Қазсушар» өкілдерімен кездесті





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасында «Гидрология» білім беру бағдарламасының студенттері Ақмола облыстық филиалы РМК «Қазсушар» мамандарымен кездесу өткізді. Кездесуге филиал директорының орынбасары Әбдікамит Дәурен Баяхметұлы бастаған сала өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қонақтар су шаруашылығы саласының негізгі міндеттері, қазіргі таңда су ресурстарын басқарудағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары туралы баяндады. Сонымен қатар «Қазсушар» кәсіпорнының қызметі, атқарып отырған жобалары мен өндірістік бағыттары слайдтық таныстырылым арқылы ұсынылды.
Студенттер мамандардың ақпаратын қызығушылықпен тыңдап, су шаруашылығы саласындағы практикалық қызметтің ерекшеліктері, кәсіби даму мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары жөнінде сұрақтар қойды.
Кездесу болашақ гидролог мамандардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, теориялық білімін практикамен ұштастыруға және салалық ұйымдармен байланысын нығайтуға ықпал етті.
