
Ғылым мен білімнің үздігі

2026 жылы 13 ақпанда Алматы қаласында отандық ғылым мен жоғары білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Жеңімпаздар қатарынан «Көлік инженериясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Забиева Алия Батырбековна лайықты орын алды.
Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев және Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова салтанатты түрде табыс етті.
Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Саясат Нұрбек жеңімпаздарды құттықтап, бұл марапат ғалымдардың жеке жетістігі ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы ғылым мен білімнің жоғары деңгейде дамығанының растамасы екенін атап өтті. Ол әрбір оқытушы мен зерттеушінің ел дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын ерекше айтты.
«Көлік инженериясы» кафедрасының ұжымы Забиева Әлия Батырбекқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта кәсіби табыс пен жаңа ғылыми жобалардың сәтті жүзеге асуын тілейді.
