
Ганьсу саяси ғылымдар және заң университетінің профессорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
#ENUscience
ЕҰУ жаңалықтары
17.02.2026 10





2026 жылдың 10 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультеті халықаралық құқық кафедрасына Ганьсу саяси ғылымдар және заң университетінің профессоры, Жібек жолы елдерін зерттеу орталығының директоры, Күнболат Сұңғатұлы келіп, факультет басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында екі білім ордаларының арасындағы ынтымақтастықты арттыру, оның ішінде меморандум жасасу, студенттер мен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, қос диплом бағдарламаларын құру мүмкіндіктері қарастырылды.
Заң факультетінің деканы з.ғ.д., профессор Сматлаев Б.М. қытайлық профессорға алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастық арта беретіндігіне сенім білдірді.
Бөлісу:
