
ЕҰУ Қазақстанның Түркіменстандағы білім беру көрмесіне қатысты

2023 жылдың 10-12 қазан аралығында Түрікменстанның Ашхабад қаласында "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы Қазақстанның білім күндерін "Қуатты мемлекеттің қайта өрлеу дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім беру және спорт" халықаралық көрмесінде өткізді.
Көрмеге алты қазақстандық жоғары оқу орны, атап айтқанда Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қатысты. Қазақстандық университеттердің өкілдері қазақстандық білім берудің артықшылықтары мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ ҚР оқу орындарында бакалавриат, магистратура, докторантураның білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Көрмеге Л. Н. Гумилев ат. ЕҰУ атынан халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға маманы Айтқұрман Байғұрманұлы Шалхыбаевтың атынан қатысты.
Түрікмен жастарының Қазақстанда білім алуға, әсіресе педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға деген үлкен қызығушылығын атап өту қажет. 2023-2024 оқу жылында Түркіменстанның 500-ден астам азаматы ЕҰУ-ға түсуге өтініш берді, алайда тек 240 талапкер сұхбаттасудан өтіп, бакавлариат бағдарламаларына оқуға түсті.
