
Көлік-энергетика факультеті "Көлік пен энергетиканың өзекті мәселелері: оларды инновациялық шешу жолдары" атты XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Көлік- энергетика факультеті Сізді 2026 жылдың 19 наурызында online және offline режимде өтетін «Көлік және энергетиканың өзекті мәселелері: инновациялық шешу тәсілдері» XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференция барысында шетел ұйым басшылары, ғылыми жоба жетекшілері мен ғалымдар қатысуымен көлік, көлік техникасы, көлікті пайдалану, стандарттау, сертификаттау, метрология, энергетика, энергияның тиімді технологиялары мәселелерін талқылауда online (Microsoft Teams: https://clck.ru/33RCvT) режимде Пленарлық отырыс өтеді.
Конференцияда келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:
|
№ п/п |
Секция атауы |
Жауапты тұлға |
Электронды пошта, байланыс телефоны |
|
1 |
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру. Логистика |
Султанов Т.Т. - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. |
709-500 (ішкі 33-140) |
|
2 |
Көлік, көлік техникасы және технологиялары |
Тогизбаева Б.Б. - «Көлік инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. |
709-500 (ішкі 33-416) |
|
3 |
Стандарттау, метрология және сертификаттау |
Байхожаева Б.У. - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. |
709-500 (ішкі 33-117, 33-105) |
|
4 |
Өнеркәсіптегі энергияны үнемдеу және энергияның тиімді технологиялары |
Жумагулов М.Г. - «Жылуэнергетика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
709-500 (ішкі 33-125) |
|
5 |
Электр энергетиканың қазіргі жағдайдағы мәселелері мен дамуы |
Жумажанов С.К. - «Электр энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. |
kafedra_elektroenergetika@enu.kz
709-500 (ішкі 33-109) |
