
«Жастарды діни экстремизм мен терроризмнің қауіптерінен қорғау» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара

20 ақпан күні «Шет тілдері теориясы мен практикасы» кафедрасының В018-1721-25-03 тобымен «Жастарды діни экстремизм мен терроризмнің қауіптерінен сақтау» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара Бейсембаева Ж.А. (кафедра меңгерушісі) және Касымбекова Н.С. ұйымдастыруымен өтті.
Кездесуге Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы «Қамқор-Астана» қоғамдық қорының дінтанушы маманы Қуатов Арулан қатысып, студенттермен мазмұнды сұхбат жүргізді. Іс-шара барысында діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зардаптары, оның алдын алу жолдары, жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту және ақпаратты дұрыс талдай білу мәселелері талқыланды.
Осындай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық және рухани сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
