
Сот билігі және қылмыстық саясат» пәні аясындағы қонақ дәрісі





Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінде «Сот билігі және қылмыстық саясат» пәні аясында MD, LLM, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты Бегалиева Жанель Бақдәулетқызының ұйымдастыруымен қонақ дәрісі өткізілді.
Қонақ спикер:
Шахарбек Дінмұхамед Сұлтанұлы, заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты басшысының көмекшісі.
Дәріс тақырыбы:
«Құқық әрекетте: құқықтық теориядан мемлекеттік шешімдерге дейін»
Пән мазмұнының мәні
Дәріс барысында сот билігінің мемлекет жүйесіндегі рөлі, әділ сот төрелігінің қағидаттары, билік тармақтарының өзара іс-қимылы және қылмыстық саясаттың практикалық аспектілері қарастырылды. Сонымен қатар құқықтық нормалардың нақты мемлекеттік шешімдерге қалай айналатыны және мемлекеттік басқарудың құқық қолдану үдерісіне әсері талданды.
Студенттер үшін кәсіби маңызы
Аталған дәріс оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып, студенттерге:
- теориялық құқықтық нормалардың мемлекеттік практикада қалай жүзеге асатынын түсінуге;
- мемлекеттік сектордағы заңгерге қойылатын талаптармен (талдау, қызметтік құжат дайындау, шешім үшін жауапкершілік) танысуға;
- сот жүйесі, мемлекеттік қызмет, заң шығару және құқықтық сараптама бағыттарында саналы кәсіби таңдау жасауға мүмкіндік берді.
Қонақ дәрісі пәннің тәжірибелік бағытын күшейтіп, студенттердің болашақ кәсіби дамуына нақты бағдар берді.
