
Жастар ортасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
20.02.2026 7



20 ақпан 2026 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» кафедрасының B095-11302-25-03 логистика тобының 1-курс студенттерімен теолог маманы Өнер Ермекұлы кездесу өткізді.
Кездесу тақырыбы: «Жастар ортасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу».
Іс-шараға топ кураторы Ермуханова Альбина Салауатқызы қатысты. Сабақ барысында студенттерге алдын алу шаралары түсіндіріліп, діни экстремизм мен терроризмнің себеп-салдары жан-жақты талқыланды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Бұл дәріс студенттердің діни сауаттылығын арттырып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңызын айқындады.
Бөлісу:
