
Әйел құқығын қорғау: Университеттегі маңызды кездесу







Жаратылыстану ғылымдары институты директорының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары Макашева Гульмира Советгалиевнаның ұйымдастыруымен «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» тақырыбы аясында «Жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығы: қазіргі қоғамдағы әйелдердің құқықтық қорғалуы» атты іс-шара кездесу түрінде өткізілді. Кездесуде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің омбудсмені Шапекова Нэля Лукпановна және Жаратылыстану ғылымдары институты директорының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Тажкенова Гаухар Каргабаевна қатысты. Кездесу барысында әйелдердің құқықтық мәртебесі, жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығы, қауіпсіздік және әйелдердің құқықтық кепілдіктері қарастырылды. Білім алушылар қоғамдағы әйел құқығын қорғаудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқығына құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
