
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Білім жоғары мектебі BINOM SCHOOL-мен кәсіптік бағдар беру кездесуінде

2026 жылғы 23 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Білім беру жоғары мектебінің өкілдері Астана қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің кәсіби бағдар беру іс-шарасына қатысты.
Кездесу барысында Білім беру жоғары мектебінің кәсіби бағдарлау жұмысына жауапты, дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы, магистр Маратова Юрьевна, сондай-ақ педагогика кафедрасының жауапты өкілі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Темиров Қуаныш Үмірзақұлы университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.
Кәсіби бағдар беру кездесуіне Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты: Nazarbayev University, Cardiff University, Coventry University (Kazakhstan Campus), M. Narikbayev KAZGUU University, Astana IT University, Seifullin University, Туран-Астана Университеті, Халықаралық Астана университеті, Esil University, сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалы.
9–11 сынып оқушыларына білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, гранттық мүмкіндіктер, академиялық ұтқырлық және кәсіби даму перспективалары туралы толық ақпарат берілді.
Осындай кездесулер болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етіп, мектептер мен университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
