
«Әйелге құрмет – қоғамның құқықтық және әлеуметтік кемелдігінің көрсеткіші»

«Жалпы биология және геномика» кафедрасының М014 – Биология педагогтерін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына «Әйелге құрмет – қоғамның құқықтық және әлеуметтік кемелдігінің көрсеткіші» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара Сембаева Ж.П. ұйымдастаруымен жүргізілді. Шара барысында қоғамдағы әйелдің орны, оның құқықтық мәртебесі және әлеуметтік рөлі туралы мазмұнды баяндама ұсынылды.

Іс-шарада әйелге деген құрметтің тек отбасылық құндылық қана емес, сонымен қатар мемлекеттің құқықтық дамуы мен әлеуметтік кемелдігінің маңызды көрсеткіші екендігі кеңінен түсіндірілді. Магистранттарға әйел құқығын қорғау, гендерлік теңдік қағидалары, ана мен баланы әлеуметтік қолдау мәселелері туралы нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда кездесетін тұрмыстық зорлық-зомбылық, гендерлік теңсіздік және әлеуметтік стереотиптер мәселелері де қозғалды.

Талқылау барысында магистранттар өз ойларын ашық білдіріп, әйел мәртебесін арттыру – болашақ педагогтердің кәсіби және азаматтық міндеті екендігін атап өтті. Студенттердің пікірінше, әйелге құрмет көрсету – бұл тек жеке адамның мәдениеті ғана емес, тұтас қоғамның адамгершілік деңгейін айқындайтын өлшем. Әсіресе, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде педагогтердің гендерлік теңдік пен сыйластық құндылықтарын насихаттауы аса маңызды екендігі айтылды.
Іс-шара магистранттардың жүрегінен ерекше орын алды. Қатысушылар қоғамдағы әйел рөлін бағалау, оның құқықтарын құрметтеу және қорғау әрбір саналы азаматтың міндеті екендігіне көз жеткізгендерін жеткізді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.
