
ЕҰУ-да PhD докторларына диплом табысталды: ғылым жолындағы жаңа белес















Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында докторантура түлектеріне арналған диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл - жас ғалымдардың академиялық жолындағы маңызды белестердің бірі.
Түлектерді құттықтау сөзін университет ректоры Ерлан Сыдыков сөйледі. Ол PhD дәрежесін алу - жоғары кәсіби дайындықтың, ғылыми жетілудің және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің айқын көрсеткіші екенін атап өтті.
Ректордың айтуынша, түлектер қатарында өз саласында қалыптасқан кәсіби мамандардың болуы университеттің еліміздің жетекші зияткерлік орталығы ретіндегі мәртебесін айқындай түседі. ЕҰУ қабырғасында жоғары деңгейдегі сарапшылар білімін жетілдіріп, отандық ғылымның дамуына үлес қосуда.
Салтанатты рәсім докторанттар үшін жаңа ғылыми ізденістер мен кәсіби жетістіктерге бастар жауапты кезеңнің бастауы болды. Ректор жас ғалымдарға тың жаңалықтар мен толағай табыстар тіледі.
