
“Адалдық - болашақтын кепілі” атты тәрбиелік сағаты өткізілді





24.02.2026 жылы сағат 10.00-де (ОӘҚ, 233 ауд.) халықаралық қатынастар факультетінің Шет тілдері кафедрасында "Адалдық - болашақтын кепілі" тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны п.ғ.к., шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Калиева ұйымдастырды. Іс - шара 11 адамнан тұратын СПТ - 12 тобының студенттерімен (“6В04204-Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызмет” мамандығы) өткізілді. Іс-шараның мақсаты-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контекстінде студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сабақ барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігінің маңызы, адамгершілік және азаматтық-патриоттық құндылықтар талқыланды. Кездесудің соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықты жою әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты екенін атап өтті.
