
Сыйға келген кітаптар

















Кітап сыйлау күніне орай кітапхана қорына көптеген құнды еңбектер сыйға тартылды. Бұл – рухани қазынамызды толықтырған ерекше күн болды.
Сыйға келген кітаптардың қатарында қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауин шығармалары – «Мен» ғұмырбаяндық дилогиясы, «Көк мұнар», «Алтын Орда» романдары бар.
Сондай-ақ қазақ прозасының көрнекті өкілі Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» шығармасы, әлем әдебиетінің алыбы Лев Толстойдың Qasym баспасынан жарық көрген «Өліп-тірілу» романы да қорымызды толықтырды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» романы, тарихи тақырыпты терең толғаған Василий Янның «Шыңғыс хан» романы, сондай-ақ заманауи әлемдік бестселлер авторы Мэтт Хейгтің «Түн ортасындағы кітапхана» романы және тағы да басқа көптеген кітаптар оқырман игілігіне берілді.
Бұл кітаптардың барлығы – оқырман қауымның, қаламгерлер мен авторлардың сыйы. Руханиятқа қосылған әрбір үлес – болашаққа жасалған инвестиция.
Кітап сыйлаған барша жандарға алғыс білдіреміз!
