
Саясаттану кафедрасының магистранты педагогикалық практика аясында «Саяси PR әдістер мен құралдар жиынтығы ретінде» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді



2026 жылғы 25 ақпан күні Саясаттану кафедрасының 2 курс магистранты Рахымжан Әділ Маратұлы педагогикалық практика аясында B040-3106-23-01 оқу тобының студенттеріне «Саяси PR әдістер мен құралдар жиынтығы ретінде» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Сабақ барысында саяси жарнаманың түрлері, эмоциялық ықпал ету механизмдері және цифрлық технологиялардың (әлеуметтік желілер, таргеттелген жарнама, инфлюенсерлік коммуникация) сайлаушылар мінез-құлқына әсері талданды. Студенттер саяси коммуникациядағы аудиторияны сегментациялау, сенім қалыптастыру және ақпараттық стратегиялардың тиімділігі туралы білім алды. Дәріс барысында қазіргі саяси коммуникацияның ерекшеліктері, саяси PR-дың қоғаммен байланыс орнатудағы маңызы және саяси жарнаманың қоғамдық пікірге ықпал ету тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар имидж қалыптастыру, күн тәртібін айқындау, фрейминг және цифрлық платформаларды пайдалану мәселелері талданды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, саяси жарнаманың этикалық қырлары мен оның қазіргі ақпараттық қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Ашық сабақ интерактивті форматта өтіп, білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға және саяси коммуникация саласына қызығушылығын арттыруға ықпал етті
