
«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» тақырыбында кураторлық сағат





2026 жылғы 25 ақпанда университетімізде педагогикалық практика аясында Жанабаева Тоғжан Мамыржанқызы, Ондасын Аружан Еркінқызы және Тохтахметова Мадина Абдолдақызы магистранттарының ұйымдастыруымен «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хатына сәйкес ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушыларға әйелдер құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалық нормалар түсіндіріліп, зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары туралы ақпарат берілді. Кураторлық сағат пікір алмасу форматында өтіп, магистранттар тарапынан нақты мысалдар мен түсіндірмелер ұсынылды.
Кураторлық сағат білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті.
