
AP25793567 гранттық жобасы шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен қызметтік іссапар туралы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD С. Жанжигитов AP25793567 «Заңгерлердің лингвоконфликтологиялық құзыреттілігін дамытудың педагогикалық моделі (“Еститін мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында)» атты гранттық жоба аясында 2026 жылғы 23–25 ақпан аралығында Алматы қаласына қызметтік іссапармен болды.
Іссапар барысында ағымдағы жылдың 23–24 ақпан күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті студенттеріне арналған «Заң тәжірибесіндегі лингвистикалық сараптама» тақырыбында екі күндік семинар өткізілді. Семинар барысында лингвистикалық сараптаманың құқықтық практикадағы орны, сарапшыға сұрақ қою құрылымы, сараптама қорытындысын сыни оқу және бағалау мәселелері талданды. Іс-шараға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 57 білім алушысы қатысты.
2026 жылғы 25 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың тұжырымдамалық бағыттары: республикалық және халықаралық-құқықтық тәжірибе» (18-ші жыл сайынғы Халиков оқулары) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына баяндама жасалды. Конференция барысында сот және құқық қорғау жүйесінің өзекті мәселелері, соның ішінде құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, цифрландыру және ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, ісссапар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, «Тілдік қақтығыс: заң тоғысы, тәжірибе, шешім» (2016), «Лингвистикалық сараптама» (2025) еңбектерінің авторы Таусоғарова Аяужан Қайратқызымен ғылыми кездесу өткізілді. Кездесу барысында гранттық жобаның ғылыми бағыты талқыланып, алдағы бірлескен зерттеулер мен ортақ жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Іссапар кезінде университеттің кітапхана қорындағы юрислингвистика, лингвистикалық сараптама және құқықтық дискурс мәселелеріне қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс жүргізілді.
Іссапар қорытындысы бойынша гранттық жобаны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жетілдіруге, академиялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ юрислингвистика және лингвоконфликтология бағытындағы қолданбалы жұмыстарды нақтылауға мүмкіндік туды.
