
Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының профессоры Ильясова Кулпаш Мырзамуратовна 1 курс магистранттарына «Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің экономикалық модернизациясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық университеті халықаралық қатынастар факультеті шығыстану кафедрасының профессоры Ильясова Кулпаш Мырзамуратовна 1 курс магистранттарына «Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің экономикалық модернизациясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аймақтық экономикалық даму ерекшеліктері, жаңа индустриалды елдерге кіретін Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Филиппин сияқты мемлекеттердің осы аймақта орналасуы, экономикалық модернизация процесіндегі АСЕАН ұйымының рөлі, 1997-1998 жж. азиаттық қаржылық дағдарыстың негізгі себептері, аймақтағы экономикалық реформалар, сондай-ақ экономикалық модернизацияланудың қазіргі кезеңдегі сандық экономика, стартаптар мен IT, халықаралық сауда мен логистиканың дамуы талқыланды. Магистранттар аталған мәселелер бойынша зерттеу тақырыптарын анықтауға белсене қатысты. ОША елдерінің экономикалық модернизациясына қатысты ғылыми тұжырымдамалар да талданды. Мұндай форматтағы сабақ білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және экономикалық білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Ашық сабаққа шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.У.Биримкулова, профессорлар Б.Ж. Абжаппарова, З.С.Ильясова және жауапты оқытушылар Н.Р. Шакен, А. Рахман қатысып, ой-пікірлерін білдірді.
