
ЕҰУ-да Eurasia Foundation басшылығымен кездесу өтті



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне Eurasia Foundation қорының вице-президенті Джон Джун Гон мырза және қордың өкілі Чан Бенг Сун мырза жұмыс сапарымен келді.
Халықаралық білім беру қорының жетекші өкілдерінің сапары университет үшін маңызды оқиға болып Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Eurasia Foundation қоры арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудағы маңызды кезеңге айналды. Джон Джун Гон мырзаның сапары білім беру үдерісін интернационалдандыруға және студенттердің заманауи дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге тараптардың өзара жоғары қызығушылық танытып отырғанын растады.
Сапар аясында Eurasia Foundation қоры өкілдерінің университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай мырзамен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру мәселелері, ынтымақтастықтың қазіргі нәтижелері, сондай-ақ халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және университет студенттері мен оқытушылары үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында Шығыстану кафедрасында Eurasia Foundation қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Еуразиялық қауымдастық: XXI ғасырдағы бірегейлік» халықаралық білім беру жобасына ерекше назар аударылды. Бағдарлама білім алушылардың заманауи әлемдік үдерістерді кешенді түсінуін қалыптастыруға, мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға және қазіргі еуразиялық кеңістік жағдайында тиімді еңбек ете алатын мамандар даярлауға бағытталған.
Қазіргі таңда бұл білім беру бастамасы әлемнің 500-ден астам университетінде жүзеге асырылып, ондаған мың оқытушы мен жүздеген мың студентті біріктіріп отыр. Курс философия, антропология, саясаттану, экономика, дінтану, өнер және технология салаларындағы сарапшыларды біріктіретін омнибус форматындағы дәрістерді қамтиды. Бұл студенттердің интегративті және сыни ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ жан-жақты дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сапар барысында Джон Джун Гон Eurasia Foundation қорының негізгі миссиясы мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және ынтымақтастыққа, бейбітшілік пен тұрақты дамуға бағдарланған азаматтар буынын тәрбиелеуге ықпал ететін білім беру платформасын қалыптастыру екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы өзара іс-қимыл студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, ғылыми-білім беру бастамаларын дамытуға және еуразиялық өңірдегі гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Қор тарапынан көрсетілетін ұзақ мерзімді институционалдық қолдау білім беру бастамаларының тұрақты дамуына және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
