
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ: студенттік көзқарас»

2026 жылғы 24 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» кафедрасының студенттерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің офицері Махаббат Сарыбайқызының қатысуымен «Адалдық сағаты» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында адалдық, құқықтық мәдениет, студенттердің жауапкершілігі және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Офицер студенттермен өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісіп, кәсіби қызмет жолындағы маңызды оқиғаларды мысалға келтіре отырып, құнды кеңестер берді.
Шара барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Ашық форматта өткен кездесу студенттердің құқықтық санасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
