
Көлік-энергетика факультетінде кездесу
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
24.02.2026 33

24 ақпан күні Көлік-энергетика факультетінің студенттері заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибраһимұлы Ибрагимовпен кездесті.
Кездесу тақырыбы: «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші».
Мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мәжбүрлі неке, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың өзге түрлеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Іс-шара студенттер үшін өте қызықты әрі пайдалы болды. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, құқықтық тұрғыдан маңызды ақпарат алды.
Бөлісу:
