
BI-Group-та тағылымдамадан қалай өтуге және жұмысқа орналасуға болады

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы ірі құрылыс BI Group компаниясымен кездесу өтті. Кездесу карьера және бизнес әріптестік бөлімі мен старосталар кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Кездесудің мақсаты - университет студенттерін BI Group холдингі, оның жобалары мен болашағы туралы ақпараттармен, сондай-ақ тағылымдамадан өту шарттары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы таныстыру. Кездесу барысында, BI Service дивизионының директоры Серік Тулебаев, компанияның құрылуының және де жыл сайын жеткен жетістіктерін, негізгі құндылық – клиент екенін атап өтті. Ал әрбір қызметкердің міндеті – барлығымен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату екенін атап өтті. Тағылымдама бағдарламаларының кураторы Салтанат Құмарова тағылымдамадан өту шарттары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен таныстыра келе, 2024 жылға тағылымдамадан өтушілерді қабылдау қараша айында басталатынын еске салды.
Сонымен қатар студенттер өздерін қызыктырған сұрақтарына компания өкілдерінен жауап ала алды.
«BI- Group» компаниясының өкілдерімен кездесу жоғары деңгейде жақсы өтті.
