
Шетел тілдері кафедрасында испан тілі бойынша ашық сабақ өтті



2026 жылғы 23 ақпанда Халықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдері кафедрасында испан тілі оқытушысы Miguel Trigo Narbona «A Weekend in Barcelona» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға, ауызша сөйлеу және оқу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Оқу материалы бұрын меңгерілген лексикалық және грамматикалық құрылымдарға негізделді. Сабақ барысында христиандық пен исламды салыстырмалы талдау арқылы мәдениетаралық компонент қамтылды, бұл студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, дәлелді пікір айту дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сабақ заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды. Жеке және топтық жұмыстар, коммуникативтік жаттығулар мен ойын элементтері қолданылды. Студенттер жоғары белсенділік танытып, меңгерілген грамматикалық құрылымдарды практикалық тапсырмаларда сәтті қолданды.
