
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналған Шетел тілдері бойынша халықаралық онлайн олимпиада Халықаралық қатынастар факультетінде өтті











2026 жылы 27 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен тілдік емес мамандықтарда білім алатын студенттер арасында жыл сайынғы Шетел тілдері бойынша (ағылшын, неміс, француз, испан тілдері) халықаралық онлайн студенттік олимпиадасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – көптілділікті дамыту, шетел тілдерін меңгеруге деген ынтаны арттыру, сондай-ақ студенттердің әлеуметтік-мәдени, тілдік және мәдениетаралық құзыреттіліктерін кеңейту болып табылады.
Олимпиада ресми ашылу салтанатымен басталды. Ашылу барысында Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректор А. Б. Бейсенбай, Халықаралық қатынастар факультетінің деканының міндетін атқарушы А. К. Купаева, Халықаралық қатынастар факультеті Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Л. К. Мейрамбекова, сондай-ақ Шетел тілдері кафедрасының испан тілі оқытушысы Мигель Триго Нарбона құттықтау сөзін сөйледі.
Олар қазіргі жаһандану үдерісі үздіксіз тереңдеп жатқан заманда жеке тұлғалар мен мемлекеттер үшін өзара қарым-қатынас жасау және ынтымақтастықты нығайтудың маңызы арта түскенін атап өтті. Шет тілдерін меңгеру және тілдік кедергілерді жеңу қабілеті осындай байланыстарды дамыту мен нығайтудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Шетел тілін игеру арқылы жаңа көкжиектерге жол ашады, өзге мәдениетке бастайтын көпір қызметін атқарады, сондай-ақ өзгені тереңірек түсінуге ғана емес, өз-өзіңе жаңаша көзқараспен қарауға да мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, сөз сөйлегендер мұндай іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, олардың студенттер арасында білім мен дағды алмасуға арналған тиімді алаң екенін және қатысушылардың шет тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығын көрсетуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Олимпиада онлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылар ауқымын кеңейтуге және әртүрлі елдердің студенттерін тартуға мүмкіндік берді. Байқауға 3 елдің 7 жоғары оқу орнынан 100-ден астам студент қатысты. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің серіктес жоғары оқу орындары — Беларусь мемлекеттік университеті (Беларусь), Ош мемлекеттік университеті (Қырғызстан), Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Қарақалпақстан) бар.
Қазақстан Республикасынан Олимпиадаға қатысқан жоғары оқу орындары: Қарағанды Бөкетов ат. зерттеу университеті (Қарағанды), Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті (Қарағанды), Қ.Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ММХҚИ филиалы, А.К. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институты, Астана халықаралық университеті (Астана), С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана).
Тілдік емес мамандықтардың бірінші курс студенттері ағылшын тілі бағыты бойынша сынға түсті, ал екінші курс студенттері француз, неміс және испан тілдері бойынша байқауға қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – тыңдалым бойынша тапсырмалар (Listening comprehension);
Екінші кезең – берілген тақырып аясында ауызша сөйлеу (Speaking).
Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша 90%-дан жоғары көрсеткішке қол жеткізген қатысушылар Олимпиаданың қорытынды кезеңіне өту құқығына ие болды.
Қазылар алқасының құрамына отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары енді:
– Сэм Барбер – Астана қаласындағы Working Consortium ұйымының ағылшын тілі оқытушысы;
– Зарема Надрчина – Астана қаласындағы French Alliance ұйымының француз тілі оқытушысы;
– Мигель Триго Нарбона – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы;
– Бейсембаева Гульшат Зейнелхабиденовна – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы;
– Есенгалиева Анна Михайловна– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Шетел тілдері кафедрасының профессоры;
– Акылбекова Адемау Қайыргельдиновна – А. Марғұлан ат. Павлодар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, филология магистрі.
Қазылар алқасы барлық қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтті.
Олимпиада нәтижелері:
Ағылшын тілі бағыты бойынша.
Бірінші дәрежелі дипломдар иесі:
- Рухсар Хосо (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Қыдырқожа Лайықжан (Қ.Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті)
Екінші дәрежелі дипломдар иесі:
- Садық Нұрайым (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Қайрат Арайлым (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Енсегенов Ратмир (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Абдрахманова Амина (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
Үшінші дәрежелі дипломдар иесі:
- Жұмажан Інкәр (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Төлеу Аяжан (Қарағанды Бөкетов ат. зерттеу университеті)
- Тазабеков Жан (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Сәтпекова Сағыныш (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Мухамедов Рамиль (Ош мемлекеттік университеті)
- Жақсыбек Ақылжан (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
Неміс тілі бағыты бойынша
Бірінші дәрежелі диплом иесі:
- Халилова Сахинур (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
Екінші дәрежелі дипломдар:
- Сатарбаева Аяна (Ош мемлекеттік университеті)
- Нұрбекқызы Нурзада (Ош мемлекеттік университеті)
Үшінші дәрежелі дипломдар:
- Тұраров Амир (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Темірғали Інкәр (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Бейфус Галина (Қазпотребсоюздың Қарағанды университеті)
Француз тілі бағыты
Бірінші дәрежелі диплом иесі:
- Муратова Айгерим (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
Екінші дәрежелі дипломдар:
- Хабиева Айнур (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
- Махмут Надира (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
Үшінші дәрежелі дипломдар:
- Шляхтунова Полина (Беларусь мемлекеттік университеті)
- Асадуллаева Фарида (Қарағанды Бөкетов ат. зерттеу университеті)
- Михайлович Любовь (Беларусь мемлекеттік университеті)
- Мақсот Адия (С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті)
Испан тілі бағыты бойынша
Бірінші дәрежелі диплом иесі:
- Носович Полина (Беларусь мемлекеттік университеті)
Екінші дәрежелі дипломдар:
- Гурская Алла (Беларусь мемлекеттік университеті)
- Ескедир Муратов (Қарағанды Бөкетов ат. зерттеу университеті)
Үшінші дәрежелі дипломдар:
- Вилькоцкий Максим (Беларусь мемлекеттік университеті)
- Ахметбекова Камилла (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті)
Халықаралық онлайн студенттік олимпиаданың жеңімпаздары Бірінші, Екінші және Үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Халықаралық қатынастар факультетінің Шетел тілдері кафедрасы Халықаралық онлайн студенттер арасында өткізген олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу барысында белсенді қолдау көрсеткен қазылар алқасының мүшелеріне шынайы алғысын білдіреді. Сондай-ақ, іс-шараға қызығушылық танытып, шет тілдерін меңгеру деңгейінің жоғары екендігін көрсеткен барлық қатысушыларға ризашылық білдіреді.
Алдағы уақытта өзара тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деп сенім білдіреміз!
