
«Құрылыс» кафедрасында М127-7352-25-01 тобында доцент Л.М. Утепбергенова «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды сумен жабдықтау ерекшеліктері» пәні бойынша ашық сабақ өткізді

Бекітілген ашық сабақтар өткізу кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 26 ақпанда Сәулет-құрылыс факультетінің «Құрылыс» кафедрасында М127-7352-25-01 тобында доцент Утепбергенова Лаура Мухтаровна «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды сумен жабдықтау ерекшеліктері» пәні бойынша «Суды жұмсарту процестері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты магистранттардың өнеркәсіптік сумен жабдықтау жүйелерінде қолданылатын суды жұмсарту технологияларының физика-химиялық негіздері жөніндегі тереңдетілген білімдерін қалыптастыру болды.
Сабақ барысында магистранттар судың қаттылығының түзілу себептерін, реагенттік және ионалмастырғыш жұмсарту әдістерін, су дайындау қондырғыларының технологиялық сұлбаларын, жабдықтарды есептеу қағидаларын және өндірістік қажеттіліктерге арналған су сапасына қойылатын талаптарды қарастырды. Заманауи су дайындау технологиялары мен олардың өндірістегі қолданылуы талқыланды.
Сабақ теориялық материалды талдауды, технологиялық сұлбаларды қарастыруды, есептік мысалдарды талқылауды және кәсіби пікір алмасуды қамтыды.
