
Студенттің киберқауіпсіздігі: құпиясөздер, фишинг, цифрлық із

2026 жылғы 27 ақпанда 2-курс саясаттанушы студенттеріне (куратор – саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Нечаева Е.Л.) «Студенттің киберқауіпсіздігі: парольдер, фишинг, цифрлық із» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Аталған іс-шараны педагогикалық практика аясында «7M03109 – Этносаясаттану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Урстенова Динара Даниярқызы жүргізді.
Кездесу барысында студенттің күнделікті өміріндегі цифрлық қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатерлері қарастырылды: сенімді парольдерді құру және сақтау ережелері, фишингтік хабарламалар мен сайттарды тану тәсілдері, сондай-ақ цифрлық іздің маңызы және оның бедел мен жеке қауіпсіздікке әсері. Әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және қоғамдық Wi-Fi желілерін қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғаудың базалық қағидаларына ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға тап болған жеке тәжірибелерімен бөлісті, интернет-алаяқтықтың типтік схемаларын талдап, тәуекелдердің алдын алу жолдарын ұсынды. Кездесу барысында цифрлық гигиенаға қатысты практикалық ұсыныстар және аккаунт бұзылды немесе деректердің таралуы күдік тудырған жағдайда әрекет ету алгоритмі қалыптастырылды.
Іс-шара мазмұнды әрі қызығушылыққа толы атмосферада өтті. Ол студенттердің онлайн-мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және киберқауіпсіздіктің заманауи мәдениет пен жеке қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі екенін түсінуіне ықпал етті.
