
2026 жылға арналған ЕҰУ студенттеріне «ҚР ҒЖБМ гранты» бағдарламасы бойынша бөлінген орындар саны мен қаржыландыру көлемі бекітілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін орындарды бөлуді және қаржыландыру көлемін бекітті.
2026 жылғы 25 ақпандағы № 92 бұйрыққа сәйкес, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «ҚР ҒЖБМ гранты» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен оқу үшін 41 орын бөлінді.
Орындардың бөлінісі және бір студентке арналған қаржыландыру мөлшері:
Еуропа: 37 орын – бір білім алушыға арналған қаржыландыру мөлшері 1 625 292 теңгені құрайды;
АҚШ: 2 орын – бір білім алушыға арналған қаржыландыру мөлшері 2 046 060 теңгені құрайды;
Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША): 2 орын – бір білім алушыға арналған қаржыландыру мөлшері 2 535 570 теңгені құрайды.
Оқу академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушыларға құжаттарды бұған дейін жарияланған талаптарға сәйкес уақтылы тапсыру қажеттігін ескертеміз.
