
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы ұйымдастырған 2026 жылғы талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті.





2026 жылғы 6 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Мемлекеттік аудит» кафедрасы ұйымдастырған 2026 жылғы талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті. «Мемлекеттік аудит» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы осы іс-шараға белсенді қатысып, барлық ниет білдірушілер мен қызығушылық танытқан мектеп оқушыларына «6B04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы туралы брошюраларды және кафедра туралы өзге де маңызды ақпаратты таратты. Кездесу кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Спатаева Сауле Бакытовнаның құттықтау сөзімен басталып, ол кафедраның білім беру бағдарламаларымен таныстырып қана қоймай, 2026 жылғы қабылдау ережелері мен халықаралық оқу мүмкіндіктері туралы да айтып берді. Кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессоры Жуматаева Бахытжамал Ашымовна. Түлектерге Еуразия Ұлттық Университетіндегі студенттік өмірдің толыққанды көрінісін көрсету үшін Бахытжамал Ашымовна өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, Университеттегі оқу және қоғамдық өмір ерекшеліктерін ашты. Болашақ талапкерлер кафедра оқытушыларымен жеке танысты. Кездесу барысында оқытушылар білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен артықшылықтарын таныстырды.
