
Академиялық кеңестің 2025–2026 оқу жылындағы үшінші отырысы











Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай төрағалығымен Академиялық кеңестің үшінші отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі негізгі мәселелер қаралып, талқыланды:
Білім алушылардың оқу жағдайларына қанағаттанушылығы. Сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Шолпан Ахметова 2025–2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша «Пәндерді оқыту сапасына білім алушылардың қанағаттану деңгейін бағалау» атты социологиялық сауалнаманың нәтижелерін ұсынды.
Кеңес күн тәртібі бойынша баяндамамен құзыреттілік және білім беру бағдарламаларын басқару бөлімінің басшысы Сәулеш Мусина сөз сөйледі.
2026 жылғы қабылдауға арналған білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту.
MINOR қосымша білім беру бағдарламаларының каталогы және микробіліктіліктерді енгізу.
2026 жылға арналған бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын бекіту.
Халықаралық консультативтік Кеңестің қызметін іске асыру.
Отырыс сындарлы жағдайда өтті, күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
