
ЕҰУ магистранттары жасанды интеллектті қолдану бойынша зерттеулерін ұсынды















Көлік-энергетика факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасында «Білім беру сапасын арттыру және өндіріс тиімділігін көтеру құралы ретінде жасанды интеллект» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Білім беру сапасын арттыру және өндірістік үдерістердің тиімділігін күшейту құралы ретінде жасанды интеллект» тақырыбындағы дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және картография департаменті өкілдері, сондай-ақ кафедраның департамент басшылары, оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.
Магистранттардың баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Олар контрафактілік өнімдермен күрес және сапаны бақылаудың цифрлық трансформациясына арналған қолданбалы зерттеулерін таныстырды. Баяндамалар жоғары аналитикалық дайындықты, заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдана білуді және саланың стратегиялық міндеттерін терең түсінуді көрсетті:
- сәйкестікті бағалау рәсімдерінде ЖИ қолдану
- метрологиялық қамтамасыз етуді цифрландыру
- нормативтік құжаттарды интеллектуалды талдау
- білім беру процесінде нейрожелілік технологияларды пайдалану
- өндірістік процестерді автоматтандыру
Барлық зерттеулерді біріктіретін негізгі идея — жасанды интеллектіні техникалық реттеу, цифрлық таңбалау және мемлекеттік бақылау жүйесіне интеграциялау.
