
Тарих факультетінің кезектен тыс отырысы

2026 жылдың 10-наурызында Тарих факультеті бойынша академиялық қарыздары және пән айырмашылықтары бар білім алушылардың қарыздарын игеру туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы, Тарих факультеті деканы, т.ғ.к., доцент Бекмағанбетов Өмірбай Жолдыбекұлы, Тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова Нұргүл Ахметжанқызы және факультеттің білім алушылары қатысты. Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы білім алушылар академиялық қарыздарын игеру керектігі мен оқу процесін жүргізудегі басқа да көптеген мәселелер жөнінде айтып өтті. Тарих факультеті деканы, т.ғ.к., доцент Бекмағанбетов Өмірбай Жолдыбекұлы факультет бойынша академиялық қарызы бар студенттер мен пән айырмашылықтары бар білім алушылар жайлы ақпарат бере келе, алдағы уақытта игеру қажеттелігіне назар аударды. Тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова Нұргүл Ахметжанқызы білім алушылар академиялық қарыздарын игеруде уақыт жағынан кешігіп қалмай, кесте құру қажеттілігіне назар аударып, академиялық қарызы бар шетелдік студенттердің виза уақыты ескерілуі қажет деген пікір білдірді.

Сонымен қатар, студенттерге оқу пәндеріндегі айырмашылықты игеру тәртібі, академиялық талаптар мен белгіленген мерзімдер түсіндірілді.
