
Аймақтағы кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 13 наурызында Қарағанды облысында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы», Білім беру басқармасымен, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының» Қарағанды облысы бойынша филиалымен бірігіп «Республикалық ғылыми жобалар сайысы» тақырыбында іс-шара өткізді.Бұл іс-шараға Респуликалық 17 облысы, 2-3 республикалық маңызы бар қалалардың облыстық ғылыми жобалар сайысында жүлделі орын алған мектеп түлектері қатысты. Іс-шараға «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы», Білім беру басқармасы, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының» Қарағанды облысы бойынша филиалы өкілдері және қазақстандық ғалымдар қатысты. Сайыстың қазылар алқасының төрағасы ретінде арнайы шақырылған конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.И.Ибрагимов мектеп түлектері үшін кәсіби бағдар беру мақсатында «Білім, ғылым және инновация» тақырыбында, болашақтағы мамандық таңдаудағы ерекшеліктер, құқық саласындағы жаңа идеялық құндылықтарға қатысты баяндама оқыды. Сонымен қатар ол заң факультеті туралы толыққанды ақпарат беріп, заң мамандығының ерекшеліктері, оқуға түсу үшін арнайы пәндерге қалай дайындалып, оқуға түсу керектігіне қатысты кеңестерін берді. Ж.И.Ибрагимов барлық іс-шараға қатысқан мектеп түлектерін құқық бағытында мамандықтарын таңдап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға түсуге шақырды. Іс-шара барысында барлық мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беруге қатысты рәсімделген ақпараттар таратылды.
