
ЕҰУ-да Астана қаласы жас геологтарының VI қалалық олимпиадасы өтті





2026 жылғы 14 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Жас геолог» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10–11 сынып оқушыларына арналған Астана қаласы жас геологтарының VI қалалық олимпиадасы өтті.
Олимпиада жасөспірімдердің Жер туралы ғылымдар саласына қызығушылығын арттыруға, олардың геология, география және жаратылыстану бағытындағы білімін тереңдетуге бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, Жер туралы ғылымдар саласындағы өзекті бағыттармен де танысты.
Олимпиада аясында мектеп оқушылары институттың Жер туралы ғылымдар бағытына қатысты білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, география және математика бейіндік пәндерімен байланысты мамандықтар туралы қосымша ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, ғылыми танымын кеңейтуге және болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал етеді.
