
Заң факультетінде Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Ерекше бөлім) пәнінен ашық дәріс өткізілді
#ENUscience
SMART.ENU
12.03.2026 55





Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінде 2026 жылғы 11 наурызда сағат 14.10-да оқу-әкімшілік ғимараттың 112 аудиториясында 2 курс студенттеріне з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жаркенова Светлана Бақытқызы «Банктік қызмет көрсету шарттары» тақырыбында «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)» пәні бойынша ашық дәріс сабағын өткізді.
Факультетте ашық сабақтар өткізу дәстүрлі сипатқа ие. Тәжірибелі лектордың сабағына факультеттегі әріптестері қатысты. Дәріс заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, тиісті оқу-әдістемелік деңгейде өткізілді, оқытушының кәсібилігі де, студенттердің белсенді ұстанымы да орын алды.
Бөлісу:
