
Шетел филологиясы кафедрасының студенттері шетелде білім алып, өз тәжірибесін кеңейтуде.

Касымжанова Балауса мен Алиева Дильназ (3 курс, «Шетел филологиясы») Польшадағы Adam Mickiewicz University (Poznań) университетінде білім алды. Игимбаева Акерке (4 курс, «Шетел филологиясы») — University of Gdańsk университетінде оқып келді. Баилова Айнур (3 курс, «Шетел филологиясы») Германиядағы Otto von Guericke University Magdeburg университетінде бір семестр өткізді.
Академиялық ұтқырлық — бұл тек оқу емес, жаңа мәдениет, жаңа орта және ұмытылмас тәжірибе. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы сонымен қатар студенттерге жаңа ортада өзін сынап көру, дүниетанымды кеңейту және халықаралық тәжірибе жинау мүмкіндігін сыйлады. Шетелдік университеттерде білім алу кезеңі студенттер үшін өзінше даму кезеңіне айналды. Еуропадағы білім беру жүйесін өз көздерімен көріп, ондағы студенттердің оқу тәсілдерін, жауапкершілігін және өзіндік жұмысқа деген көзқарасын түсінді. Сонымен қатар, әртүрлі елдерден келген студенттермен танысып, жаңа достар тапты. Олардың мәдениетін танып, туған ел – Қазақстанды да таныстырды. туралы бөлісіп, мәдени алмасудың бір бөлігі болды.
Бұл тәжірибе олар үшін тек академиялық білім ғана емес, сонымен қатар дербестік, бейімделу, жаңа ортада еркін қарым-қатынас жасау сияқты маңызды дағдыларды үйретті.
