
Оқудан шабытқа: ЕҰУ Күміс университетінің жаңа бастамасы













Күміс университетінің «Егде жастағы әйелдерге арналған модельдік жүріс негіздері» курсының қорытындысы бойынша тамаша бастама – «Дефиле» клубы құрылды.
Курс старостасы Нагима Кисыкова қатысушыларға өз шығармашылығын мерекелік іс-шаралардың бірінде ұсынуды ұсынды. Алғашқы дебют Наурыз мерекесінде өтті. Көрермендер қатысушыларды жылы қабылдап, зор қызығушылық танытты.
Батыл әрі өзіне сенімді модельдер оқу барысында меңгерген модельдік жүріс дағдыларын мақтанышпен көрсетті. Курс лекторы Жаннета Жалмұхамедова – ЕҰУ-дың жүйелік талдау және басқару кафедрасының бұрынғы оқытушысы, бүгінде зейнеткер, «Күміс еріктілері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, сондай-ақ 65+ жастағы «Kerbez models» модельдер тобының мүшесі. Ол Италия, Германия, БАӘ, Франция, ТМД елдері мен еліміздің түрлі қалаларында өткен халықаралық сән көрсетілімдерінде Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Өзінің бай тәжірибесімен бөлісе отырып, тыңдаушыларды жаңа клуб құруға шабыттандырды.
Ризашылық білдірген шәкірттер енді еліміздің ересек сәнқойларының қатарын толықтыруға, үздіксіз дамуға, өз әлеуетін ашуға және сеніммен алға қадам басуға нық ниетті.
Барлық жастағы адамдар үшін қолжетімді әрі сапалы өмір бойы білім алуға жағдай жасау, тұлғалық дамуға бағытталған, танымдық қабілеттерді жетілдіруге, құзыреттерді қалыптастыруға, кәсіби өсуді қамтамасыз етуге және өмір сапасын арттыруға ықпал ету – Үздіксіз білім беру институты қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
