
Наурызнама-2026: ЕҰУ-де киіз үй жасаудан шеберлік сабағы өтті















ЕҰУ-де Наурызнама онкүндігі аясында киіз үй жабдықтарын гипстен жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шара Әлеуметтік және азаматтық департаменті, Әлеуметтік жобалар бөлімінің қызметкері Фатима Ақбердінің жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шара төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді, шынайы дәстүрге айналды.
Шеберлік сабақтың басты мақсаты-әлеуметтену процесін жалғастыру, адамның бойында әлеуметтік жетілу, әлеуметтік жауапкершілік, өмірлік құзыреттілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Мерекелік шараны Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Жамбыл Тілеп ашты.
Сонымен қатар, шеберлік сабақтың демеушісі ЖШС СоциумПит басшысы Сәуле Мүбәрәк сөз берілді. Сәуле Мүбәрәк студенттерді мерекемен құттықтап, білім алушыларға қолөнердің пайдасы туралы, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр ретінде жалғастырулары керектігін айтып өтті. Ұйымдастырушыларға қолөнерді заманына сай жалғастырып, білім алушыларға шеберлік сабағын ұйымдастырғандары үшін алғысын айтты.
Барлық қатысушылар ұлттық ою-өрнегі бар киіз-үй бұйымдарын жасауға қызығушылықпен бірлесе отырып кірісті.
Шара соңында шеберлік сабақтың барлық қатысушылары өз қолдарымен жасаған бұйымдарымен суретке түсіп, сыйлық ретінде өздерімен алып қайтты.
