
ЕҰУ-дың 30 жылдығына арналған халықаралық конференция: көлік және энергетикадағы инновациялық шешімдер талқыланды







2026 жылғы 19 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналған «Көлік және энергетиканың өзекті мәселелері: инновациялық шешу тәсілдері» тақырыбындағы XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.
Конференция көлік-энергетика саласының қазіргі сын-қатерлері мен даму перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналып, әртүрлі елдерден келген ғылым, білім беру және өндіріс өкілдерін біріктірді.
Конференция қатысушыларының атына шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардан құттықтау хаттар мен бейнеүндеулер келіп түсті, олардың қатарында:
1) Алессандро Босисио – қауымдастырылған профессор, PhD (Павия университеті, Италия);
2) Кристиан Бово – профессор, PhD (Павия университеті, Италия);
3) Нұрлан Көбегенұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің сарапшысы;
4) Камалетдинов Шохрух Шухратович – Ташкент мемлекеттік көлік университетінің профессоры;
5) Ахмед Авак – PhD докторы (American University of Nigeria);
6) Култан Ярослав – қауымдастырылған профессор, PhD (Братислава экономикалық университеті, Словакия);
7) Меркулов Павел Александрович – И.С. Тургенев атындағы Орёл мемлекеттік университетінің ректор міндетін атқарушы;
8) Володихин Дмитрий Михайлович – К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу технологиялар және басқару мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;
9) Баратов Дилшод Х. – Ташкент мемлекеттік көлік университетінің ректор міндетін атқарушы;
10) Шарипов Тулкин Сайдахмедович – Самарқанд экономика және сервис институтының оқу жұмысы жөніндегі проректоры, профессор.
Құттықтауларында әріптестер университеттің ғылым мен білімді дамытудағы елеулі үлесін, білікті мамандар даярлаудағы жетістіктерін және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мерейтойы – әртүрлі елдердің ғылыми қауымдастығын біріктірген маңызды оқиға болып, оқу орнының халықаралық деңгейдегі беделінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Конференцияға барлығы 200-ден астам ғылыми баяндама келіп түсті, олардың 150-і сараптама нәтижесінде мақұлданды. Бұл ғылыми қауымдастықтың аталған тақырыпқа деген жоғары қызығушылығын және қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігін көрсетеді.
