
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Аканова Айкерім Ибрагимовна диссертациясын қорғады

2026 жылдың 26 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Аканова Айкерім Ибрагимовнаның «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша «Қазақ фольклорлық прозасындағы мифологиялық лексика» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация 2018-2021 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасында орындалды.
Зерттеудің мақсаты – фольклорлық прозадағы мифологиялық лексикаға лингвофольклористикалық талдау жасау, мифологиялық лексиканың мағыналық топтарын, ерекшеліктерін анықтау.
Отандық ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Еспекова Ляззат Аубакировна, шетелдік ғылыми кеңесшісі филология ғылымдарының докторы, Қазан (Приволжский) федералды университеті, Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының профессоры Юсупова Альфия Шавкетовна.
Дауыс беру нәтижесі бойынша А.И.Акановаға «8D023 – Тілдер және әдебиет» («6D020500 - Филология», «8D02305 - Филология», «8D02314 – Әдебиеттану», «6D021300 - Әдебиеттану» мамандықтары) кадрларды даярлау бағытының аталған бейіні бойынша PhD докторы дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Аканова Айкерім Ибрагимовнаны сәтті қорғауымен және PhD философия докторы дәрежесін алуымен құттықтаймыз!
