
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Экономика және туризм жоғары мектебінің Мемлекеттік аудит кафедрасында іске асырылып жатқан «6В04121-Мемлекеттік аудит», «7М04120-Мемлекеттік аудит», «8D04121-Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламаларын 2026 жылы 11-13 наурызы аралығында Германияның FIBAA (Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры) сыртқы сараптамалық тобы Университетте жұмысын өткізді.















Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Экономика және туризм жоғары мектебінің Мемлекеттік аудит кафедрасында іске асырылып жатқан «6В04121-Мемлекеттік аудит», «7М04120-Мемлекеттік аудит», «8D04121-Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламаларын 2026 жылы 11-13 наурызы аралығында Германияның FIBAA (Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры) сыртқы сараптамалық тобы Университетте жұмысын өткізді.
Кездесуге «6В04121-Мемлекеттік аудит», «7М04120-Мемлекеттік аудит», «8D04121-Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламаларының басшысы «Мемлекеттік аудит» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Спатаева Сауле Бакытовна және қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD) Серикова Мадина Амангалиевна бағдарламалардың мазмұны мен даму бағыттары туралы баяндады. Эксперттермен сұхбат барысында еңбек және білім нарығымен байланыс, интернационалдандыру, оқу жоспарының құрылымы, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, емтихандарды ұйымдастыру, оқыту әдістері, студенттерді қолдау, инклюзивті білім беру, бағдарламаларды басқару және ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен талқыланды.
Сыртқы сарапшылар тобы сондай-ақ «Мемлекеттік аудит» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамымен сұхбаттасты: э.ғ.к., профессор Алибекова Балшекер Ашикбаевна, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тажикенова Сапия Каргабаевна, э.ғ.д., профессор Сембиева Ляззат Мықтыбековна және э.ғ.к., профессор Шахарова Алия Еркимбаевна,аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Алибекова Айгуль Бауржановна,, яғни, оқу бағдарламаларының мазмұны, оқыту әдістемесі, білім алушыларды қолдау, дидактикалық тәсілдер, академиялық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ішкі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
FIBAA тарапынан жоба үйлестірушісі Марие Бильке. Халықаралық сараптамалық топ құрамына Еуропа мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары енді. Олардың қатарында University of St. Gallen профессоры Андреас Грюнер, Bremen University of Applied Sciences профессоры Штефан Вайт, IU International University of Applied Sciences профессоры Бибиана Грассингер, Mykolas Romeris University доценті Довиль Гайлюте-Янусоне, Kaunas University of Technology профессоры Рута Петраускене, Free University of Brussels профессоры Джоэл Брэнсон, Nazarbayev University өкілі Жанибек Арынов, сондай-ақ білім алушылар, түлектер және жұмыс берушілер өкілдері қатысты.
FIBAA "Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры" сыртқы сараптамалық тобының эксперттерімен кездесуге белсенді қатысқан түлектерді Зетов Абраам Аманшукирович, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жанындағы «Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-нің бас сарапшысы, 2020 жылғы түлегі, «7М04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2022 жылғы түлегі Жамиева Дамира, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Жоспарлау, сертификаттау және әдістемелік департаментінің бас сарапшысы, және «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2023 жылғы түлегі Бектурова Арман Тұрсыновна – «Qazaqgaz Aimaq» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директордың орынбасары атап өтуге болады.
«6В04121-Мемлекеттік аудит», «7М04120-Мемлекеттік аудит», «8D04121-Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламаларын FIBAA "Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры" сыртқы сараптамалық тобымен жетілдіру бағыттарын анықтауға қатысып, елеулі ықпал еткен келесі жұмыс беруші-серіктестерді Оразбай Мұрат Асқарович – «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жанындағы Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің» басшысын, Тлеубергенова Дайнара Алдабергеновна – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Квазимемлекеттік секторды аудит департаментінің «Денсаулық сақтау саласын басқару бөлімінің басшысын», Жаныбаева Замзагуль Қайратовна – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Тиімділікті зерттеу, талдау және бағалау орталығының «Зерттеу және болжам жасау бөлімінің» меңгерушісін атап өтуге болады.
Сараптама үдерісін ұйымдастыруға университеттің Экономика және туризм Жоғары мектебі, Аккредиттеу және рейтинг бөлімі, сондай-ақ техникалық және инфрақұрылымдық қызметтер жауапты болды.
Аталған кездесу білім беру бағдарламаларының сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауға және оларды одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Германияның FIBAA "Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры" сыртқы сараптамалық тобының эксперттерімен белсенді қатысқан білім алушыларға, түлектерге және жұмыс беруші-серіктестерге Мемлекеттік аудит кафедрасы алғысын білдіреді.
