
Ұлттық мұра: дәстүр мен рух үндестігі















Наурыз мерекесі қарсаңында Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.
Аталған шараға алты кафедраның студенттері белсенді қатысып, қазақтың дәстүрлі ойындарында ептілік, күш, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Сайыс атмосферасы өзара бәсеке, қолдау және шынайы ынтамен ерекшеленді.
Жарысқа келесі командалар қатысты:
- «Көк Бөрі» – философия кафедрасы,
- «Айдаһар» – дінтану кафедрасы, •
- «Наурыз Қырандары» – психология кафедрасы,
- «Самрұқ» - медиа коммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасы,
- «Феникс» - әлеуметтану кафедрасы,
- «Өнерлі медиа» – журналистика және медиаөнер кафедрасы.
Сайыстың ашылуында Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры Қуантаев Н.Қ. құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал жарыстың әділ әрі ашық өтуін халықаралық деңгейдегі триатлон төрешісі, бірнеше мәрте «Ironman - 2017, 2018, 2019, 2022, 2023» же ңімпазы Саликжанов Р.С. қамтамасыз етті.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен шынайы командалық рухты көрсете отырып, сайысты әсерлі әрі тартысты бәсекеге айналдырды. Бағдарлама аясында тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс, дартс және Наурыз дәстүрлеріне арналған интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Әр кезең қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, стратегиялық ойлауын көрсетуге мүмкіндік беріп, көрермендерге жарқын әрі ұмытылмас әсер сыйлады.
«Ұлттық мұра» сайысы - ұлттық мәдениетті насихаттауға және дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама болды. Бұл шара жастардың тарихи мұраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, студенттер арасында бірлік, достық және өзара құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Осы күні Наурыз мерекесі жаңару мен ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық құндылықтарды сақтаудың символы ретінде ерекше мәнге ие болды. Көрермендер үшін бұл шара жарқын эмоциялар мен әсерлі сәттерге толы ұмытылмас мерекеге айналды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға, сондай-ақ белсенді жанкүйерлерге естелік сыйлықтар табысталды.
