
«Үздік студент» республикалық байқауының қорытындысы
ЕҰУ жаңалықтары
26.03.2026 61

6B04201 – «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Салыхан Диана Нұржанқызы «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ҮЗДІК СТУДЕНТ» атты республикалық байқауына қатысты. Өзінің жоғары білім деңгейін, қоғамдық белсенділікті және көшбасшылық қасиеттерді көрсетті. Конкурстың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бөлісу:
