
Шетелдік ғылыми кеңесшімен кездесу







2026 жылғы 24 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 8D04209 – «Сот сараптамасы» білім беру бағдарламасының докторанты Даулетияров Дастан Амангельдиевич Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Жоғары сот жанындағы Әділ сот академиясы проректоры, PhD доктор, профессор Нодирбек Сапарбаевич Салаевпен кездесті.
Кездесу барысында диссертациялық зерттеу мәселелері мен сот сараптамасы саласындағы өзекті құқықтық мәселелер талқыланды. Профессор шетелдік ғылыми кеңесші болуға келісім беріп, ғылыми жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын айқындады. Осы бағытта халықаралық конференцияларға қатысу, басылымдарға ғылыми материалдарды жариялау, ғылыми әдебиеттермен алмасу бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға қатысты жоспарлар мен бағдарламаларды ортаға салды.
