
ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?

ЕҰУ-да Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен «Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың негізгі көріністері және оған қарсы іс-қимыл тәсілдері» тақырыбында іс-шара өтті, онда Jastar департаменті директорының орынбасары, «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі Еркебұлан Нұғыманов өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты-еліміздің оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жұртшылық арасында құқыққа қайшы әрекеттерді жою.
Е. Нұғыманов атап өткендей, университетте оқудың алғашқы күндерінен бастап студенттермен ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, білім алушылар осы жағымсыз фактіге тап болған жағдайда не істеу керектігін түсінуі тиіс.
«ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа көп көңіл бөлінеді. 1 қыркүйектен бастап біз бірінші курс студенттерімен кездесулер өткіземіз, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтардың алдын алуға назар аударамыз. Кураторлар сонымен қатар студенттермен, әсіресе университетке түскен бірінші курс студенттерімен жүйелі түрде әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деп атап өтті Е. Нұғыманов.
Ерікті Жанарыс Мақсатұлы студенттерге жастар қозғалысы туралы айтып берді, оның басты мақсаты қоғамда болып жатқан заңсыз әрекеттерге қарсы күрес болып табылады.
