
«Адалдық – ардың ісі» атты дөңгелек үстел өткізілді

2026 жылы 27 наурыз Практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушылары Жүнісова Жадыра мен Бердібаев Сатыбалдының ұйымдастыруымен «Адалдық – ардың ісі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Бас ғимараттың 335-аудиториясында өтті. Филология факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараны екі жүргізуші жүргізді, жүргізушілер қатысушыларды іс-шара тақырыбымен таныстырып, жемқорлық жайлы қысқаша мәлімет берді. Одан кейін студенттер дайындаған слайд пен бейнеролик арқылы адалдықтың қоғамдағы маңызы, жемқорлықтың салдары және оның алдын алу жолдары туралы ақпарат ұсынылды. Екінші бөлімде жүргізушілер тақырыпты қорытындылап, адалдық пен әділдік қоғамның дамуы мен болашағы үшін маңызды құндылықтар екенін атап өтті. Үшінші бөлімде қатысушылар сөз алып, ойларымен бөлісті. Адалдықтың қоғамда атқаратын маңызды рөлі жайлы айтылды.
Іс-шараның соңында аға оқытушы С.Бердібаев пен филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Ж.А.Жүнісова дөңгелек үстелді қорытындылап, адам бойындағы адалдық қасиетінің қоғамда қалыптастыратын істердің және адалдықтан туатын адамгершіліктің рөлі жөнінде өз пікірлерін білдірді.
