
Шетел филологиясы кафедрасында магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу практикасының қорытынды есеп беру конференциясы ұйымдастырылды

2026 жылғы 27 наурызда шетел филологиясы кафедрасында 2026 жылғы 19 қаңтар мен 28 наурыз аралығында өткен кәсіби-педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикасының қорытындыларын шығаруға арналған есеп беру конференциясы ұйымдастырылды. Есеп беру конференциясын PhD докторы, қауымдастырылған профессор Г.З. Бейсембаева өткізді. Конференция барысында 7М02310 «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары мен 8D02310 «Шетел филологиясы», 8D02310 «Шетел филологиясы» (қысқы кезең) білім беру бағдарламасының докторанттары кәсіби-педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикасының өтуі бойынша есептерін ұсынды.
Магистранттар мен докторанттардың кәсіби-педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикасының бағдарламасы толық көлемде жүзеге асырылып, жоғары білім беру саласында ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби және зерттеушілік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталды.
Практика барысында магистранттар мен докторанттар диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми материалдарды жинау, талдау және жүйелеу жұмыстарына белсенді қатысты, отандық және шетелдік дереккөздермен жұмыс жүргізді, ғылыми ізденіс пен ақпаратты өңдеу әдістерін меңгерді, сондай-ақ ғылыми талдаудың заманауи тәсілдері мен құралдарын қолданды.
Ғылыми-зерттеу практикасы магистранттар мен докторанттарға теориялық білімдерін тереңдетуге, оларды тәжірибелік зерттеу қызметінде қолдануға, аналитикалық қабілеттерін дамытуға және ғылыми жарияланымдарды дайындау бойынша құнды тәжірибе алуға мүмкіндік берді, сондай-ақ кәсіби қызмет аясындағы ғылыми жұмыстың ерекшелігі мен маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
