
ЕҰУ-да шетелдік профессордың дәрістері өтті

2026 жылғы 23 ақпан мен 22 наурыз аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары институты, физикалық және экономикалық география кафедрасында «7М01524 – География педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасының магистранттарына Сербия Ғылым және өнер академиясының Йован Симич атындағы География институтының профессоры Марко Петрович дәріс оқыды.
Дәрістер «Геожүйелерді зерттеудің теориялық негіздері» және «Географияның ғылыми-теориялық негіздері» пәндері аясында өткізілді.
Сонымен қатар, профессор Марко Петрович кафедраның докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамына ғылыми кеңестер мен консультациялар жүргізді.
Айта кету керек, бұл – профессордың біздің университетке екінші рет келуі. Болашақта ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түседі деп сенеміз.
