
«7М04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарының педагогикалық практика бойынша есептерін қорғауы өтті

2026 жылдың 17 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік аудит» кафедрасында ғылыми-педагогикалық бағыттағы «7М04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарының педагогикалық практика бойынша есептерін қорғауы өтті.
Педагогикалық практиканың мақсаты – магистранттардың кәсіби педагогикалық құзыреттерін қалыптастыру, оқытушылық қызметтің практикалық дағдыларын меңгеру, сондай-ақ мемлекеттік аудит саласындағы теориялық білімдерін бекіту және тереңдету.
Педагогикалық практиканың міндеттері:
• оқу сабақтарын дайындау және өткізу әдістемесін меңгеру;
• оқу процесін жоспарлау дағдыларын дамыту (жоспар-кесте, жұмыс бағдарламаларын құру);
• заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін қолдану біліктерін қалыптастыру;
• кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарына қатысу;
• студенттермен және оқытушылармен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту;
• академиялық әдеп пен педагогикалық мәдениет нормаларын сақтау;
• білім алушылардың білімін бағалау тәжірибесін меңгеру;
• практика қорытындысы бойынша есептік құжаттаманы дайындау және рәсімдеу.
Практика барысында магистранттар бекітілген жоспар-кестеге сәйкес барлық қажетті тапсырмаларды орындап, кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысты, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес есептік құжаттарды дайындады.
Есептерді қорғау «Мемлекеттік аудит» кафедрасында өтті. Магистранттар өз жұмыстарының нәтижелерін сәтті ұсынып, қалыптасқан кәсіби және педагогикалық құзыреттерін көрсетті.
Есеп Smart.ENU жүйесінде магистранттың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы жүктеліп, ғылыми жетекшімен және комиссия мүшелерімен қол қойылады:
Спатаева Сауле Бахытовна – PhD, комиссия төрағасы;
Тажикенова Сапия Каргабаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – комиссия мүшесі;
Шахарова Алия Еркимбаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор – комиссия мүшесі;
Сембиева Ляззат Мыктыбековна – экономика ғылымдарының докторы, профессор – комиссия мүшесі;
Жагыпарова Аида Орынтаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Экономика және туризм жоғары мектебінің директоры.
Практиканы өткізу және есептерді сәтті қорғау мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласында білікті мамандарды даярлаудың маңызды кезеңі болды.
