
«Мемлекеттік аудит» кафедрасының кезекті ғылыми семинары жөнінде

2026 жылғы 27 наурызда «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Экономика және туризм жоғары мектебінің «Мемлекеттік аудит» кафедрасында ғылыми семинардың кезекті отырысы өткізілді. Іс-шараға кафедра оқытушылары, докторанттар және Экономика және туризм жоғары мектебі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Төлепов Ә.Е. қатысып, ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды. Күн тәртібінде «Мемлекеттік аудит» БББ докторанты Қапан Н.М. «Аграрлық саясаттың ауылдық аумақтардың дамуына әсерінің мемлекеттік аудиті» тақырыбындағы баяндамасы қаралды. Баяндамашы зерттеу жұмысының негізгі бағыттарын таныстырып, презентация ұсынды.
Талқылау барысында қатысушылар аграрлық саясатты жетілдіру, зерттеу объектісін нақтылау және диссертациялық жұмыстың орындалу кезеңдері бойынша сұрақтар қойды. Сонымен қатар, халықаралық аудит стандарттарын қолдану және жаңа бағалау критерийлерін қалыптастыру мәселелері көтерілді. Ғылыми семинар мүшелері зерттеу барысында отандық және шетелдік тәжірибені салыстыра қарастырудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша Қапан Н.М. баяндамасы назарға алынды. Докторантқа диссертациялық жұмысын ұсынылған ескертулер негізінде жетілдіру ұсынылды. Ғылыми семинар жұмысы мазмұнды пікір алмасумен аяқталды.
